locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Глен Джонсон Александр-Арнольдтың болашағы жайлы өз пікірімен бөлісті

ФОТО:  Getty images

"Ливерпуль" және Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Глен Джонсон ағылшындық клуб жұлдызының болашағы туралы өз пікірін білдірді.

"Александер-Арнольдтың болашағы? Оның "Ливерпульмен" болашағы жақсы болады деп ойлаймын, өйткені ол клубтың түлегі. Трент бұл клубта 20 жылдан бері ойнап келеді, және оның басшылықпен ешқашан келіспеушіліктері болмаған, ол – нағыз кәсіби ойыншы.

Келесі жазда аяқталатын келісімшарт туралы айтар болсақ, егер клуб сізге лайықты ұсыныс жасамаса, бұл клубтың кінәсі. Ойыншының осындай жағдайда команданы ауыстыру туралы шешімін жанкүйерлер түсінеді деп ойлаймын.

"Реалдың" Александер-Арнольдқа деген қызығушылығы? Бұл командаға ауысу сізге жүлделерді қамтамасыз етеді. Ал, "Ливерпуль" мұны уәде ете алмайды. "Реал" сөзсіз көп жүлде жеңіп алады, сондықтан бұл клубқа ауысу ешқашан тек ақша мәселесіне байланысты болады деп ойламаймын. Қалай болғанда да, мұндай деңгейдегі кез келген клубта жақсы жалақы төленеді, бірақ егер сіз жүлде жеңіп алғыңыз келсе, "Реал Мадрид" сізге соны қамтамасыз ете алады".-дейді Джонсон.

Айта кетейік, бұған дейін "Реал" Александер-Арнольдты келесі жазда еркін агент ретінде құрамына қосу мүмкіндігін қарастырып жатқаны жайлы қауесеттер тараған еді.