Германия-Испания: УЕФА Тейлордың кінәсін мойындады
УЕФА 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалындағы Испания мен Германия арасындағы матчта қорғаушы Марк Кукурельяның қолымен ойнауына қатысты төрешінің шешімін қате деп таныды, деп хабарлайды Relevo. Екі айдан астам уақыт өткен соң, УЕФА төрешілер комитеті төрешілерге бұл эпизодта Испания қақпасына пенальти берілуі керектігін хабарлады. Комитет алаңдағы төреші мен VAR төрешісінің ойынды тоқтатпағаны үшін қателік жібергенін атап өтті. Кукурелья сары қағаз алмауы керек еді, бірақ пенальти тағайындалуы тиіс болатын.
"УЕФА-ның соңғы нұсқауларына сәйкес, қақпаға соққыны тоқтатқан қолдың доппен байланысы қатаңырақ жазалануы тиіс және көп жағдайда пенальти беріледі, тек қорғаушының қолы допқа тым жақын орналасқан жағдайлардан басқа. Бұл эпизодта қорғаушы соққыны денесіне жақын емес қолымен тоқтатқан, сондықтан пенальти берілуі керек еді".-дейді комитет өкілін Relevo басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, бұл оқиға қосымша таймның алғашқы бөлігінде 1:1 есебі болып жатқан сәтте орын алды. Испания 119-минутта гол соғып, жартылай финалға шықты, кейіннен турнирде жеңіске жетті.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52