Германия құрамасының бас бапкері Нагельсман құрамада бақытты екенін жеткізді
Германия құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсман ұлттық құрамадағы болашағы туралы пікір білдірді.
“Жұмыс істей бастаған кезде белгілі бір сенімділік пайда болады. Біз Еуро турнирін жақсы өткіздік және футбол тұрғысынан көп нәрсеге қол жеткіздік. 2026 жылдан кейін жұмыс жасауымызды жалғастырамыз ба, жоқ па, оны әлі білмеймін, бірақ осы қызметте өзімді өте жайлы сезінемін”, — деп Нагельсманның сөзін Sport1 басылымы келтіреді.
Айта кетейік, 36 жастағы маман Германия құрамасын 2023 жылдың қыркүйегінде басқарды. 2024 жылғы Еуропа чемпионатында оның командасы жартылай финалға жетіп, Испанияға 1:2 есебімен жол берді. Нагельсманның құрамадағы келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды. Бұған дейін ол “Бавария” және “Лейпциг” командаларын жаттықтырды.