locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Германия - Италия. Онлайн көру. LIVE көрсетілім

ФОТО: Gettyimages

23-24 наурызға қараған түні Германия мен Италия құрамалары арасында УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалының жауапты кездесуі өтеді.

Ойын Дортмунд қаласындағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өтеді. Кездесудің бас төрешісі ретінде польшалық Шимон Марциняк тағайындалды. Матч Астана уақытымен 00:45-те басталады, ал тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Алғашқы ойын Италияда өтіп, онда алаң иелері Санро Тоналидің жылдам голының арқасында есеп ашқан еді. Алайда, Германия ойын барысын өз пайдасына өзгертіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары – Кляйндист пен Горетцка.

Бұл кездесу тек жартылай финалға жолдама үшін ғана емес, сонымен қатар турнирдің шешуші кезеңінің қай елде өтетініне байланысты да маңызды. УЕФА Ұлттар лигасының финалдық матчтары маусым айында Германияда немесе Италияда өтеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie