Георгий ЖУКОВ: Ешкім маған құрамада ойнауға болмайды деп айта алмайды.
Баспасөз мәслихаттардың бірінде Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов, Георгий Жуковтің құжаттары бойынша мәселелері бар деп айтқан болатын. Ал ойыншы бұл сөздерді жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша паспортпен ешқандай мәселе туындамаған.
-Менің паспорт пен байланысты проблемам бар ма? Жоқ. Федерация ФИФА-ға менің құрамада ойнау алатыным туралы сұрау жібере алады. Ешкім маған құрамада ойнауға болмайды деп айта алмайды.
Жуков Ұлттық құрама сапындағы дебюттік ойынын 2015 жылы өткізген болатын. 29 жастағы футболшының бірнеше жыл бұрын шекарадан өткен кезде Қазақстанның паспортымен қиындықтары болған. Ұқсас жағдай сол кезде Нидерландтың “Хераклес” командасында ойнаған Александр Меркельмен де орын алды. Меркель 2019 жылдан бастап ұлттық құраманың намысын қорғауды тоқтатты.
Жуков Қазақстанның төлқұжатымен қатар, Бельгия және Ресей азаматтығына ие. Ол Ресей азаматтығын 2016 жылы Екатеринбургтің “Урал” командасында ойнап жүрген кезінде алған.
Футбол
Бүгін 23:18
Футбол
Бүгін 17:01
Хоккей
Бүгін 10:59