Геннадий Головкин Olympism 365 комиссиясының отырысына қатысты
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин алғаш рет Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Olympism 365 комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлады Olympic.kz.
Ресми шара онлайн-форматта өтіп, әртүрлі елдерден келген комиссия мүшелерін біріктірді. Отырысқа ХОК президенттігіне үміткерлер – лорд Себастьян Коэ мен ханзада Фейзал Әл-Хусейн де қатысты. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 2024 жылдың мамыр айында Olympism 365 комиссиясының мүшесі болып тағайындалған еді.
Бұл комиссия – заманауи қоғамда спорттың және олимпиадалық құндылықтардың рөлін нығайтуға бағытталған ХОК-тың стратегиялық бастамасы. Оның негізгі міндеті – спортты БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу құралы ретінде пайдалану.
"Қазақстанның Olympism 365 сияқты жобаларға қатысуы үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл спортты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге интеграциялауға, сондай-ақ елімізде олимпиадалық құндылықтарды ілгерілетуге жағдай жасайды", – деп атап өтті Геннадий Головкин.
Отырыс барысында ХОК президенті Томас Бах Геннадий Головкинді комиссия мүшелеріне таныстырып, жаңа рөлінде сәттілік тіледі.
Владимир Кличко Тайсон мен Пол арасындағы жекпе-жекке байланысты рингке оралуынан бас тартты.