locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Гаттузо бас бапкер болды: Италия құрамасына жаңа жетекші тағайындалды

Футбол 15 мау 2025 10:27
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Гаттузо бас бапкер болды: Италия құрамасына жаңа жетекші тағайындалды
ФОТО: Getty Images

Италия футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Дженнаро Гаттузоның тағайындалғанын ресми түрде хабарлады.

47 жастағы маман бұған дейін маусым айының басында қоштасқан Хорватияның «Хайдук» клубын жаттықтырған. Бұдан бөлек, Гаттузо бапкерлік мансабында Италияның «Милан», «Наполи», «Палермо» және «Пиза» клубтарында, Испанияның «Валенсиясында», Францияның «Марсель», Грекияның ОФИ және Швейцарияның «Сьон» командаларында жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, 8 маусым күні Италия құрамасының бұрынғы бас бапкері Лучано Спаллетти өз қызметінен кеткен болатын. Оның орнына Еуропаның бірқатар клубтарын жаттықтырған тәжірибелі маман Дженнаро Гаттузо келді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie