Гари Невилл тең ойында қосымша ұпайлар иелену үшін пенальти жүйесін ұсынды
“Манчестер Юнайтед” пен Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Гари Невилл тең аяқталған матчтарды қызықты ету жолын ұсынды.
"Мен чемпионаттағы тең аяқталған матчтардан кейін пенальти сериясын енгізуді ұсынар едім, онда жеңген команда қосымша ұпай алар еді. Яғни пенальти сериясындағы жеңіс үшін екі ұпай беріледі.
Бұл жанкүйерлер үшін матчтарды тартымды етеді. Егер бала алғаш рет матчқа келсе, ал ойын 0:0 немесе 1:1 есебімен аяқталса, пенальти арқылы кем дегенде жеңімпаз анықталады. Балалар пенальтиді жақсы көреді, менің қыздарыма бұл қатты ұнар еді", – деді Невилл Daily Mail басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Гари Невилл 1992-2011 жылдар аралығында “Манчестер Юнайтед” сапында өнер көрсетті.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52