Гарет Бэйл: Трент «Реалдың» қаншалықты талапшыл клуб екенін жақында түсінеді


Мадридтік «Реалдың» және Уэльс құрамасының бұрынғы шабуылшысы Гарет Бэйл Трент Александер-Арнолдың «Ливерпульден» «Реалға» ауысуына пікір білдірді. Оның ойынша, ағылшын қорғаушысы жақында жаңа клубтың қандай деңгейде талап қоятынын сезеді.
«Трент АПЛ-де көп нәрсеге қол жеткізді, бірақ «Реалдағы» талап… Ол жақында бұл клубтың қаншалықты талапшыл екенін түсінеді. Бірақ мен оның бұл жерге бейімделіп, барын салып ойнайтынына сенімдімін», – деді Бэйл Sky Sports-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Трент Александер-Арнолд 12 маусым күні «Реал Мадрид Сити» базасында ресми түрде таныстырылды. Ол мадридтік ұжымда 12-нөмірмен өнер көрсетеді. Бұған дейін ол тек «Ливерпульдің» намысын қорғаған болатын.
«Реалдың» болашақ жұлдызына алғашқылардың бірі болып сүйісті: модель жас Мбаппе туралы оқиғасымен бөлісті.