locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футбол аңызы голдар саны бойынша қайтадан рекорд орнатты

Фото: Setanta Sports

Бүгін Сауд Арабиясының Про-лигасының 5-турында эр-риядтық "Әл-Наср" және Меккенің "Әл-Вахда" командалары кездесті. Бұл матчта 39 жастағы шабуылшы Криштиану Роналду "Әл-Насрдың" негізгі құрамында ойнап, өзінің гол соғуы бойынша рекордын жаңартты. Қазіргі уақытта португалиялық ойыншы мансабында 903 гол соқты, және бұл рекорд әлі де жаңартылуда.

41-минутта "Аль-Насрдың" шабуылшысы Габриэл Анжело есепті ашты. Одан кейін Криштиану Роналду 56-минутта 11 метрлік пенальтиді сәтті орындап, алаң иелерінің басымдығын арттырды.

Сауд Про-Лигасы. 5-тур.

“Әл-Наср” - “Әл-Вахда” - 2:0 (1:0)

Голдар: Анжело, 41 (1:0); Роналду, 56 (пенальти, 2:0)

Криштиану Роналду ресми ойындарда осынша көп гол соққан алғашқы футболшы атанды. Португалиялық ойыншы лиссабондық "Спортинг" клубы үшін 5, "Манчестер Юнайтед" үшін 145, Мадридтік "Реалы" үшін 450, туриндік "Ювентус" үшін 101, "Әл-Наср" үшін 70 және Португалия құрамасында 132 гол соқты. Шабуылшы футбол тарихындағы, ұлттық құрамалардағы, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы және клубтық Әлем чемпионатындағы үздік сұрмерген болып табылады.

Айта кетейік, Криштиану Роналдуның қазіргі клубымен келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды.