Флик:"Әлі ештеңе жоғалтқан жоқпыз, басымызды тік ұстап, позитивті көңіл күйді сақтауымыз керек"
"Барселона" бас бапкері Ханси Флик осы маусымдағы алғашқы жеңілісі жайлы өз пікірін білдірді.
"Әрқашан команда аз ойыншымен ойнағанда, қарсыласқа әлдеқайда оңай болады. Біз үйімізге оралған соң матчты талдаймыз. Әлі ештеңе жоғалтқан жоқпыз, басымызды тік ұстап, позитивті көңіл күйді сақтауымыз керек.
Біз матчтар кестесін көргенде, алда қиын маусым күтіп тұрғанын түсіндік. Көп ойын және демалуға уақыт аз, бірақ бізде жеткілікті ойыншылар бар, жексенбі күнгі матчқа лайықты құрам табуға тырысамыз",-деді бапкер матчтан кейінгі сұхбатында.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші турында "Монако" "Барселонаны" минимальді есеппен жеңді. Бұл каталондықтардың осы маусымдағы алғашқы жеңілісі.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52