Фиорентина Витор Рокені Барселонаның талап еткен қомақты ақшасына байланысты сатып ала алмады
Фиорентина директоры Даниэле Праде итальяндық клуб жазда Витор Рокені сатып алғысы келгенін растады. Директордың сөзіне сенсек, трансфер қаржылық қиындықтарға байланысты орын алмады.
«Біз осы жазда Витор Рокені өз сапымызға қосуға тырыстық, бірақ ол кезде «Барселонаның» ол үшін талап еткен ақшасын төлеу мүмкін емес еді. Олар Рокеүшін 40 миллион еуро талап етті», - деді Прад.
Естеріңізге сала кетейік, «Барселона» Витор Рокені жазда трансферге шығарды, бірақ ойыншыны сатып алу туралы тек саудиялық клубтар ғана ұсыныс жасаған болатын. Еуропалық клубтар каталондықтардың қаржылық талаптарын қанағаттандыра алмады. Бразилиялық Еуропадан кетуден бас тартып, «Бетиске» жалға берілді.
Бұған дейін Витор Роке каталондық клубтағы жағдайына және өзіне деген көзқарасына көңілі толмайтынын айтқан болатын.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49