locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Финалда Класико! «Барселона» Испания Кубогының жартылай финалында «Атлетикодан» басым түсті

Финалда Класико! «Барселона» Испания Кубогының жартылай финалында «Атлетикодан» басым түсті
ФОТО: Getty Images

2-3 сәуірге қараған түні «Атлетико» мен «Барселона» арасындағы Испания Кубогының жартылай финалдық қарымта ойыны өтті.

Голдар және матчқа бейнешолу

Матчтың қарымта ойыны «Атлетиконың» стадионы «Метрополитанода» өтті. «Барселона» сырт алаңдағы қиын ойында минималды есеппен жеңіске жетті.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Ойындағы жалғыз голды Ферран Торрес соқты. Ол турнирде бесінші голын соғып Хулиан Альварес пен Эндрикпен теңесіп, үздік сұрмергендер қатарына енді.

Осылайша «Барселона» Испания Кубогының финалына шықты, онда мадридтік «Реалға» қарсы Эль-Класико өтеді. Кубок үшін қақтығыс 26 сәуіріне жоспарланған.

Испания Кубогы. Жартылай финал. 3 сәуір

«Атлетико» - «Барселона» - 0:1 [алғашқы матч 4:4]

Гол: Торрес, 27.

«Атлетико»: Муссо - Мандава (Сорлот, 46), Ле Норман (Молина, 58), Хименес, Аспиликуэта (Галан, 46), Льоренте - Симеоне (Лангле, 46), Барриос, Де Пауль - Гризманн (Рикельме, 81), Альварес.

«Барселона»: Щенсны - Бальде, Мартинес, Кубарси (Гарсия, 55), Кунде - Де Йонг, Педри, Лопес (Араухо, 58) - Рафинья, Торрес (Левандовски, 74), Ямаль (Мартин, 86).

Ескертулер: Аспиликуэта, 6, Де Пауль, 13, Мандава, 31, Альварес, 45+3, Молина, 59 - Де Йонг, 35, Бальде, 68, Мартин, 90+3.

ФОТО: ФК Барселона
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie