locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Финал алдындағы құштарлық. «Реал» мен «Барселона» жанкүйерлері Севилья көшелерінде бүлік шығарды

Финал алдындағы құштарлық. «Реал» мен «Барселона» жанкүйерлері Севилья көшелерінде бүлік шығарды
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реал» мен «Барселона» жанкүйерлері Испания Кубогының финалы алдында Севилья көшелерінде бүлік шығарды.

Андалусия астанасының орталығына жиналған футбол жанкүйерлері қарсыластарын қорлайтын ұрандар айтып, алаулар мен бірнеше сигнал шамдарын лақтырды. Қала орталығындағы жанкүйерлер қарсыластарының жейделерін де өртеп жіберді.

Мәліметтер бойынша, жанкүйерлер қаланың басқа бөлігінде төбелесіп, нәтижесінде бір адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Көпшілікті тарату үшін Испанияның ұлттық полициясы араласуға мәжбүр болды. Барлығы 2 мыңнан астам полиция қызметкері қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шешуші матч Севилья қаласындағы Олимпиадалық стадионда өтеді. Кездесудің басталуы – Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie