locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА-да 2025 жылғы клубтық Әлем чемпионатының ресми трансляторы жоқ

ФИФА-да 2025 жылғы клубтық Әлем чемпионатының ресми трансляторы жоқ

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2025 жылғы Клубтық Әлем чемпионатының көрсетіліміне байланысты бірде-бір хабар таратушымен келісімшартқа отырмаған, деп хабарлайды Тhe Athletic.

ФИФА президенті Джанни Инфантино 20 қыркүйек, жұма күні хабар тарату басқармасымен шұғыл жиналыс өткізіп, 2025 жылғы Клубтық Әлем чемпионатына қызығушылық танытуды талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы клубтық әлем чемпионаты 15 маусымнан 13 шілдеге дейін өтеді және алты құрлықтан 32 команданың қатысуымен жаңа форматта өтетін алғашқы клубтық мундиал болады.