locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ФИФА 2025 жылғы клубтық әлем чемпионаты үшін қосымша трансферлік терезе ашады

ФОТО:  Getty images
ФИФА 2025 жылғы клубтық әлем чемпионаты үшін қосымша трансферлік терезе ашады

ФИФА ойыншылардың клубтар арасындағы Әлем чемпионатына ауысуын жандандыру мақсатында қосымша трансферлік терезе енгізеді. Marca басылымының хабарлауынша, терезе 1 маусымнан 10 маусымға дейін ашық болады және кез келген қызығушылық танытқан федерация оны өздерінің ішкі жарыстарына енгізе алады. Бұл шешім клубтық чемпионатқа қатысатын командаларға трансферлерді жеңілдету үшін қабылданды.

Келесі клубтық Әлем чемпионаты 2025 жылдың жазында АҚШ-та өтеді және оған 32 команда қатысады.

Бұған дейін мадридтік “Реалдың” бұрынғы ойыншысы Тони Кроос клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жаңа форматына сын айтқан болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie