locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

ҚФФ пен QFL арасында жаңа қақтығыс? ҚПЛ-2025 күнтізбесінің жаңа нұсқасы шықты

Футбол 11 ақп 2025 13:05
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
ҚФФ пен QFL арасында жаңа қақтығыс? ҚПЛ-2025 күнтізбесінің жаңа нұсқасы шықты
ФОТО: QFL

Желіде екі ұйым чемпионатты өткізуге қатысты келіспеушіліктерін шешпегені туралы ақпарат тарады.

Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша, QFL президенті Ерлан Жамантаев Премьер-Лига клубтарына ҚПЛ-2025 күнтізбесінің жаңа нұсқасын ұсынған хат жолдады. Хатқа сәйкес, күнтізбені қарау мерзімі шектеулі – 13 ақпанға дейін.

Дереккөздің айтуынша, ҚФФ да, QFL да ел чемпионатын өткізуден бас тартпақ емес. ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман екі күн ішінде ҚФФ Атқару комитеті бекіткен ҚПЛ-2025 күнтізбесі шығатынына нық уәде берді. Өз кезегінде Ерлан Жамантаев Лиганың әлеуеті мен кадрлық ресурстарынсыз ҚФФ чемпионатты толықтай өткізе алмайтынын айтты.

ҚПЛ алғашқы турдан-ақ от ойындар сыйламақ: Астана vs Қайрат, Ақтөбе vs Ордабасы

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie