ҚФФ Черчесовтің баспасөз қызметі кезінде айтқанына түсіндірме берді
Хабарлағандай, Қазақстан футбол федерациясы баспасөз жиыны кезінде түсініспеушілік болды дейді.
"Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндіре өту қажет деп санайды.
Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп, жауап қайтарған болатын.
Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз", - деп жазды федерация хабарламада.
Айта кетейік, баспасөз жиыны кезінде қазақ тілінде сұрақ қойған Сейтқановқа бас бапкер:
"Француз тілінде сөйлеп тұрсың ба? Париж, се ва биен?" – деген еді ресейлік маман.
Бұған дейін Низовцев Черчесов баптайтын Қазақстан құрамасында алға жылжу жоқ деген еді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49