locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ҚФФ басшысы Ресейдің УЕФА жастар турниріне қайта оралуы туралы талқылауды растады

ФОТО:  KFF
ҚФФ басшысы Ресейдің УЕФА жастар турниріне қайта оралуы туралы талқылауды растады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Sport24 басылымына берген сұхбатында УЕФА-ның соңғы жиналысында Ресейді жасөспірімдер және жастар турнирлері деңгейінде халықаралық аренаға қайта шығару ұсынысы айтылғанын растады.

“УЕФА жиналысында Ресейдің жасөспірімдер құрамаларын қайтару мәселесі расында да көтерілді. Бұрын қарсы болған Норвегия футбол қауымдастығының президенті Лисе Клавенесс те бұл идеяны қолдады. Меніңше, УЕФА-ға мүше елдердің жартысынан көбі ресейлік балалар мен жастардың жарыстарға қатысуына қолдау білдіреді”, – деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Sport24-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тимур Турловтың Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне тағайындалуы туралы сыбыстарға қатысты пікір білдіргенін хабарлаған едік.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie