ҚФФ басшысы лауазымына негізгі үміткер белгілі болды
Ермек Маржықпаев Қазақстан футбол федерациясының президенті болуы мүмкін, деп хабарлайды Серый CARDINAL telegram арнасы.
“Қазақстан Республикасының бұрынғы туризм және спорт министрі Республикалық футбол федерациясының басшысы лауазымына ең ықтимал үміткерлердің бірі, бірақ, жалғыз емес. Мүмкіндігі жоғары тағы бірнеше адам бар. Олардың бірі салыстырмалы түрде жас, бірақ бірінші нөмірлі саясаткерге тікелей қол жеткізе алады. Бәлкім, ол ҚФФ президенті болмай-ақ, бүкіл футболымызды қадағалап, оған үлкен ықпал ететін шығар".
Еске салайық, Ермек Маржықпаев 2023 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалып, ал 2024 жылдың 31 тамызында қызметінен босатылған болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52