locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ферди Кадиоглу Брайтон сапына ауысуға жақын

Ферди Кадиоглу Брайтон сапына ауысуға жақын

«Брайтон» мен «Фенербахче» Ферди Кадиоглу трансфері бойынша келіссөздер жүргізуде. 24 жасар сол қаптал қорғаушы Еуро-2024 турнирінің басты жаңалықтарының бірі болды. Еуродан кейін Фердиға біршама клубтар тарапынан қызығушылық пайда болды. Ферди АПЛ-де өнер көрсету үшін «Брайтон» ұсынысын қабылдады. Қазіргі таңда қос жеке келісімшарт бойынша ортақ мәмілеге келді. Трансфер құны 45 миллион еуроны құрайды деп күтілуде, ал Transfermarkt порталы қорғаушыны 30 миллион еуроға бағалайды.

Ферди Кадиоглу түрік және голланд футболшысы. Ферди НЕК футбол клубының түлегі. 2018-щы жылдың жазында тарихи отанына қайта оралған Ферди «Фенербахче» сапында өнер көрсетті. Кадиоглу «сары шымшықтар» сапында 203 ойын өткізіп, 18 гол соқты және 22 нәтижелі пас авторы атанды.