locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Федерико Кьеза ресми түрде Ливерпуль ойыншысы атанды

Футбол 29 там 2024 10:05
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: официальный аккаунт Ливерпуля в Instagram

Ағылшындық клуб өзінің ресми парақшасында 26 жасар Италья құрамасының ойыншысы Федерико Кьезаны қатарына қосқанын хабарлады. Сол жақ вингер "қызылдардың" осы жаздағы екінші трансфері, бірінші болып "Валенсиядан" ауысқан Гиоргий Мамардашвили атанды. Итальяндық үшін "Ливерауль" 10 млн еуро төлеп, қосымша 3 миллион еуро бонус берді.

Ойыншымен келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Федерико "Фиорентина" түлегі. "Фиалкалар" сапында 153 ойын өткізіп: 34 гол соғып, 26 ассист берген. Одан кейін Кьеза "Ювентуске" ауысып, 131 ойын өткізіп, 32 гол және 23 ассистпен көзге түсті.