Евгений Березкин «Елімайға» оралуда: ауыр жарақаттан кейінгі қалпына келу жалғасуда


«Елімай» футбол клубының орталық жартылай қорғаушысы Евгений Березкин тізесіндегі айқасқан байламдарға жасалған отадан кейінгі оңалту кезеңін команда орналасқан жерде жалғастыратынын айтты, деп хабарлады Legalbet.kz.
- «Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр. Біртіндеп қатарға қосылып келемін. Қазір Сербиядан Қазақстанға оралып жатырмын - әрі қарай емімді командамен бірге жалғастырамын», - деді Березкин.
2024 жылғы маусымда Березкин Петропавлдың «Қызылжар» командасында ойнап, 26 матчта 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Беларусьтік жартылай қорғаушы «Елімай» сапына 2024 жылдың желтоқсан айының соңында қосылған болатын. Алайда 2025 жылдың қаңтарында Түркияда өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынында ауыр жарақат алып қалған.
28 жастағы ойыншы толық қалпына келіп, биылғы маусымда «Елімайға» пайдасын тигізуді көздеп отыр.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16