locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Евгений АВЕРЧЕНКО: “Қайсарда Громыко пайдасы үшін көбірек ойнады”

Евгений АВЕРЧЕНКО: “Қайсарда Громыко пайдасы үшін көбірек ойнады”

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко Премьер-лиганың үздік шабуылшыларының бірі Валерий Громыконың алматылық “Қайратқа”ауысқаннан кейінгі ойын деңгейінің төмендеуі жайында ойымен бөлісті.

“Қайсар” мен “Қайрат” - мүлдем басқа командалар. Қызылордалық клубта оның атқаратын қызметтері басқа болды және оның пайдасына көбірек ойнады. “Қайратта”олардың шабуылдағы көшбасшысы Жоао Пауло бар, ол гол соғу міндеттерін өзіне алады. “Қайсарда” басқа ойын жүйесі болды, мұнда Валерийге көбірек мүмкіндік берілетін. Громыконың алматылық командада гол соқпауының себебін осыдан көруге болады деп ойлаймын”,- дейді Аверченко sports.kz (https://www.sports.kz/) басылымына.

Биылғы маусымда “Қайсар”сапында Валерий Громыко он ойында бес гол соқса, “Қайратқа” ауысқаннан кейін бес матч өткізгенімен, әлі нәтижелі әрекет жасамады.