locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Еуропаның үздік сұрмергені: Кейн алтын бутса алды

Фото: Бавария
Еуропаның үздік сұрмергені: Кейн алтын бутса алды

Баварияның форваварды Харри Кейн УЕФА құрамына кіретін чемпионаттарда ең үздік сұрмергенге табысталатын жүлдені алды. Бұл мюнхендік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен маусымда Бундеслигада алғашқы маусымын өткізген 31 жастағы шабуылшы 36 соққан болатын. Бұл көрсеткіш Алтын бутсаға таласта жеке дар көш бастады.

Кейннің көрсеткішіне жақын болған дортмундтық Боруссия шабуылшысы Серу Гирасси болды, ол Штутгарт сапында жалда ойнап, 28 гол соқты. Үздік үштікті мадридтік Реалдың шабуылшысы, бұрынғы ПСЖ ойыншысы Килиан Мбаппе мен Манчестер Сити шабуылшысы Эрлинг Холанд түйіндеді. Екеуінің еншісінде 27 гол.

Кейн соңғы 24 жылда Алтын бутса жеңіп алған алғашқы ағылшындық ойыншы атанды. Бұған дейін бұл жүлдені 2000 жылы Кевин Филлипс алған болатын.

Кейн сонымен қатар Алтын бутса алған Баварияның үшінші ойыншысы. Бұрын бұл жүлдені Герд Мюллер мен Роберт Левандовски алған еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie