Еуропа лигасының барлық жеңімпаздары: «Севилья» - рекордшы, «Тоттенхэм» біраз жылдан соң қайта оралды


Бұрынғы атауы УЕФА кубогы болған Еуропа лигасы 1972 жылдан бері Еуропаның мықты клубтарын бір тудың астына жинап келеді. Елу жылдан астам тарихында бұл турнир талай драмалық финалдар мен тарихи сәттерге куә болды. Кейбір командалар тіпті осы жарыстың аңызына айналды.
Турнирдің басты рекордшысы - «Севилья». Андалусиялық клуб бұл жарысты 7 мәрте жеңіп алған: 2006, 2007, 2014, 2015, 2016, 2020 және 2023 жылдары. Еуропа лигасында дәл осындай үстемдік көрсеткен басқа команда жоқ.
Көп мәрте жеңіске жеткен клубтар тізімі төмендегідей:
• «Интер» - 3 мәрте (1991, 1994, 1998)
• «Ювентус» - 3 мәрте (1977, 1990, 1993)
• «Ливерпуль» - 3 мәрте (1973, 1976, 2001)
• «Атлетико Мадрид» — 3 мәрте (2010, 2012, 2018)
• «Тоттенхэм» - 3 мәрте (1972, 1984, 2025)
• «Челси» - 2 мәрте (2013, 2019)
• «Порту» - 2 мәрте (2003, 2011)
• «Реал Мадрид» - 2 мәрте (1985, 1986)
• «Парма» - 2 мәрте (1995, 1999)
• «Фейеноорд» - 2 мәрте (1974, 2002)
2025 жылғы Еуропа лигасының финалы ерекше есте қалды: 17 жыл бойы трофейсіз жүрген «Тоттенхэм» ақыры арманына жетіп, «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңіп, Еуропаға өз мәртебесін қайта еске салды.


Футбол
Бүгін 14:38


Футбол
Бүгін 13:52