locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Эспаньол Ла Лига тарихында 1000 жеңісіне қол жеткізген клубтар қатарына қосылды

ФОТО:  Getty images

Испания Ла Лигасының тоғызыншы турында “Эспаньол” үшін маңызды оқиға орын алды - команда өз алаңында “Мальорка” клубын жеңіп, турнир аясындағы 1000-шы жеңісіне қол жеткізді.

Осылайша, “Эспаньол” бұл межені бағындырған жетінші клуб болып, “Реал”, “Барселона”, “Валенсия”, “Атлетико”, “Севилья” және “Атлетикке” қатарына қосылды. Жеңістер саны бойынша көшбасшылар “Барселона” мен мадридтік “Реал” болып қала береді.

Айта кетейік, каталондық клуб Испания Кубогын төрт рет жеңіп алған және Ла Лигада төрт мәрте қола медальға ие болған. Команданың тарихының көп бөлігі Ла Лигада өткеніне қарамастан, соңғы 15 жылда клуб айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алмады.