ЕСМАГАМБЕТОВ Ордабасы мен Ақтөбе арасындағы матч туралы: Екі команда да жеңіс үшін ойнағандай көрінд
Танымал футбол маманы Болат Есмағамбетов Премьер-лиганың 18-турында өткен “Ордабасы” мен “Ақтөбе” матчы туралы өз ойымен бөлісті.
"Матч өте тартысты өтті, не дегенмен екі команда да чемпиондық үшін таласуда. Бірінші таймда Ақтөбеліктер басым болғанымен, екінші таймда басымдық Ордабасы жағында болды. Екі жақта күресті, көп ереже бұзылды. Көп стандарттар болғанымен, нәтижесіз аяқталды. Ойыншылар жақсы қозғалыста, динамикалық футбол болды. Екі команда да жеңіс үшін ойнағандай. Тағы бір айта кететін қуанышты жаңалық – жанкүйерлердің көптігі, – деп хабарлайды Sports.kz порталы Есмағамбетов сөзіне сілтеме жасап.
Еске салайық, Ордабасы мен Ақтөбе матчы 1:1 есебімен тең аяқталды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49