locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ешқандай жеңілдіктер жоқ: Энрике ПСЖ жұлдыздарын қалай формада ұстайтынын түсіндірді

Егер сен жеңіске жеттім деп ойласаң, енді ештеңе ұтпайсың, — деді испан маманы
ФОТО: Getty Images
Лига 1 Франция
23.08.2026, Аяқт.
Ренн
2
ПСЖ
2

«Пари Сен-Жерменнің» бас бапкері Луис Энрике алғашқы турдағы «Реннге» қарсы Лига 1 матчында командасының бірінші таймдағы 0:2 есебінен кейінгі камбэгін (2:2), деп хабарлайды Sports24.kz.

«Бұл матч әдеттегіден де қиын болды. Бірінші таймда біз бақылауға ала алмаған сәттер болды. Өте қиын кездесу. Біз кейбір өзгерістер енгізуге тырыстық, әсіресе ойынға қосылған бес ойыншының өнеріне дән ризамын. Олардың барлығы өз жұмыстарына тамаша атсалысты. Жанкүйерлер керемет. Ойынымызға қарамастан, олар әрдайым бізді қолдайды. Біз оларға алғыс айтқымыз келеді және жақсаруға үміттенеміз. Бұл — біздің жұмысымыз, әрі біз әлдеқайда жақсы ойнай аламыз деп сенемін», — деп келтіреді Энрикенің сөзін париждіктердің ресми сайты.

Айта кетейік, Ферран Торрес пен Мика Годтс үзілістен кейін алаңға шығып, Усман Дембеле мен Хвича Кварацхелияны алмастырды. Испандық пен бельгиялық үшін «Реннге» қарсы бұл кездесу дебют болды. Торрес дубль авторы атанды.

- Үзілісте-ақ алмастырғаныңыз үшін «Алтын доп» иегері Усман Дембелеге не айтасыз?

- Бұл — футбол. Футбол дәл осындай. «Пари Сен-Жермен» әлі ештеңе ұтқан жоқ, мүлде ештеңе. Егер сен жеңіске жеттім деп ойласаң, енді ештеңе ұтпайсың! Ешқандай жеңілдіктер жоқ. Әр күн сайын, әр матчта, әр жаттығуда дайын екеніңді дәлелдеуің керек. Әйтпесе, босап кетуің оп-оңай. Мен солай тәрбиеленбедім. Біз әрдайым жеңіске ұмтыламыз, ал тұрақты жеңіс үшін жайлы аймақтан шығу қажет. Түсінікті ме? – деп келтіреді Энрикенің сөзін L'Équipe.

Келесі турда «ПСЖ» 28 тамызда сырт алаңда «Лилльге» қарсы ойнайды, ал «Ренн» өз алаңында 30 тамызда «Ле-Манмен» кездеседі.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie