locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Ешқандай күмәнім жоқ». Луис Энрике «Алтын доптың» басты фаворитін атады

«Ешқандай күмәнім жоқ». Луис Энрике «Алтын доптың» басты фаворитін атады
ФОТО: Getty Images

«ПСЖ» бас бапкері Луис Энрике өзінің шәкірті Усман Дембелені беделді «Алтын доп» жүлдесінің басты фавориті деп атады.

«Мені жеке марапаттар мүлде қызықтырмайды. Дегенмен Дембеле бұған лайық деп ойлаймын. Бұған еш күмәнім жоқ», - деді испандық маман.

Испандық маман өткен маусымда мансабында екінші рет требл жасады – Энрике «ПСЖ» тізгінінде Чемпиондар лигасын, 1 Лиганы және Франция Кубогын жеңіп алды.

Осман Дембеле титулдарға қол жеткізудегі негізгі ойыншы болды. Француз вингері 49 матчта 33 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.

Ол 15 маусымға қараған түні басталатын 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жету арқылы әлі де өзінің жетістігін нығайта алады. «ПСЖ» турнирге қатысушылар тізімінде ең қымбат үшінші клуб атанды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie