locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ермек Маржықпаев Қазақстан футбол федерациясын басқаруға ниеті жоқ екенін айтты

Ермек Маржықпаев Қазақстан футбол федерациясын басқаруға ниеті жоқ екенін айтты
ФОТО: IG Ермек Маржықпаев

Қазақстанның бұрынғы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан футбол федерациясын (ҚФФ) басқару жоспары жоқ екенін мәлімдеді.

“Құрметті достар! Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Менің бұл қызметті атқаруға еш жоспарым жоқ. Сіздер сияқты мен де футбол жанашырымын. Сондықтан да бұл #1 спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін”,-деп жазды Маржықпаев әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, ҚФФ президенті қызметінен Әділет Барменқұловтың отставкасынан кейін әлеуметтік желілерде Маржықпаевты осы лауазымға негізгі үміткерлердің бірі ретінде талқылай бастады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie