locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Эредивизи. Фейеноорд пен Аякстың жеңістері, АЗ-дың күтпеген жеңілісі

Фото: официальный сайт Ajax Amsterdam

Жексенбі, 6 қазанда Нидерланд жоғары футбол лигасының (Эредивизи) 8-ші турының бес ойыны өтті.

Күннің бірінші матчында Гоу Эхед Иглс" "Хераклесті" 4-1 есебімен жеңді. "Бүркіттер" 13 ұпаймен 7-ші, ал "Хераклес" – 9 ұпаймен 12-ші орында келеді.

Амстердамдық "Аякс" Гронингенді 3-1 есебімен жеңді. "Аякс" 13 ұпаймен 5-ші орында тұр. "Гронинген" маусымды сәтті бастағанымен, соңғы үш жеңіліс команданы 11-ші орынға түсірді. Қоржынында 9 ұпай бар.

"Фейеноорд" "Твентені" 2-1 есебімен жеңді. Роттердам клубы 13 ұпаймен алтыншы орында келеді, ал "тукерлер" 14 ұпаймен 4-ші орынға орналасты.

"Херенвен" "Зволлемен" ұпай бөлісті – 1:1. Командалар кестенің төменгі жағында келеді. "Херенвенде" 8 ұпай және 15-ші орын, ал "Зволле" 8 ұпаймен 14-ші орында.

Турдың соңғы матчында "АЗ" Алкмаар күтпеген жерден "Фортуне" Ситтардан 0-1 есебімен жеңілді. 16 ұпаймен Алкмаар өкілдері 3-ші орынға жайғасты, ал "Фортуна" 10-нан астам ұпай жинап 10-шы орынға көтерілді.

Эредивизи. 8-тур. 6 қазан

"Гоу Эхед Иглс" - "Хераклес" – 4:1 (0:1)

Голдар: Куленович, 41 (0:1); Наубер, 55 (1:1); Дежиль, 74 (пенальти, 2:1); Эдвардсен, 89 (3: 1); Стокерс, 90+ (4:1)

"Фейеноорд" - "Твенте" – 2:1 (2:0)

Голдар: Уеда, 28( 1: 0); Хванг, 43 (2:0); Стейн, 79 (2:1)

"Херенвен" - "Зволле" – 1:1 (1:1)

Голдар: ван дер Берг, 3 (0:1); Раллис, 10 (1:1)

"Аякс" - "Гронинген" – 3:1 (1:0)

Голдар: Клаасен, 21 (1:0); Шредерс, 69 (1: 1); Вегхорст, 90+ (2:1); Акпом, 90+ (3: 1)

"Фортуна" Ситтард - "АЗ" Алкмаар – 1:0 (0:0)

Голдар: Гутх, 78 (1:0)