Энцо МАРЕСКА: “Менің ротациям жұмыс істеді деп ойлаймын”
Футбол
31 қаз 2024 03:31
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
“Челси” клубының бас бапкері Энцо Мареска “Ньюкаслға” қарсы (0:2) өткен матчтан кейін командасының Кубок лигасынан шығуын түсіндірді.
“Менің ротациям ойынға талдау жасағанда жұмыс істеді деп ойлаймын. Нәтиже туралы айтатын болсақ, ол, әрине, жұмыс істемеді. “Ньюкасл” бірінші голын соғар алдында біз ойынның контролін ұстадық. Бірінші голды жіберген соң, 10 минут бойы контролімізді жоғалтып, екінші голды жібердік. Бірақ кейін біз қайтадан бастаманы қолға алып, керемет сәттерді жасадық. Екінші таймды біз толығымен бақыладық. Футболда ең маңыздысы нәтиже екенін түсінемін. Бірақ ойын жағынан “Челси” бүкіл матч бойы жақсы болды. Біз сәтсіз 10 минуттың арқасында жеңілдік”, - деді Мареска.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 12:38
Теннис
Бүгін 12:12
Теннис
Бүгін 11:32