Энфилдте Реал қорғанысында кім ойнайды?
Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-турындағы "Ливерпульге" қарсы ойынға дайындық барысында француз тірек жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени мен неміс қорғаушысы Антонио Рюдигерді қорғау аймағында жұптастыруды жоспарлауда. Бұл туралы испандық журналист Хосе Луис Санчес әлеуметтік желі X арқылы хабарлады.
Ақпарат көзіне сүйенсек, егер Тчуамени 4-турда "Миланға" қарсы өткен ойында (1:3) алған тобық жарақатынан айығып үлгермесе, бас бапкер Карло Анчелоттидің қосалқы жоспары – команда академиясынан жас қорғаушы Рауль Асенсионы алаңға шығару.
Айта кетейік, бұған дейін "Реалдың" негізгі қорғаушысы Эдер Милитао айқаспа байламдарын жарақаттап, маусымның соңына дейін қатардан шыққан болатын. "Ливерпуль" мен "Реал" арасындағы матч 27 қарашада "Энфилд" стадионында өтеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52