locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Эндрик Чемпиондар лигасында гол соққан клуб тарихындағы ең жас ойыншы атанды

ФОТО:  ФК Реал Мадрид
Эндрик Чемпиондар лигасында гол соққан клуб тарихындағы ең жас ойыншы атанды

17 қыркүйекте Эндрик Чемпиондар лигасында гол соққан “Реал Мадридтің” ең жас ойыншысы атанып, тарихта қалды. Бразилиялық талант өзінің турнирдегі дебютінде гол соқты.

Чемпиондар лигасының жаңа форматы басталған кештен бастап рекордтар орнатылуда және рекордтың бірін Эндрик бағындырды. 18 жастағы футболшы ең үлкен еуропалық турнирдегі алғашқы ойынында-ақ гол соғып, өзін есімін күллі әлемге танытты.

"Сантьяго Бернабеуде" “Реал Мадрид” неміс клубы “Штутгартпен” 80-минутта 1:1 есебімен тең ойнап жатқан уақытта, команданың бас бапкері Карло Анчелотти Джуд Беллингемнің орнына Эндрикті алаңға шығарды. Ойынға қосылған қосымша уақытта жас ойыншы айып алаңының сыртынан күшті соққымен Александр Нюбель қақпасын тесіп жіберіп, гол соқты.

Бұл гол арқасында Эндрик (18 жас, 1 ай және 27 күн) Чемпиондар лигасында “Реал Мадрид” үшін гол соққан ең жас ойыншыға айналды. Ол 1995 жылы 18 жаста (3 ай және 21 күн) болған Раульдің “Ференцварошқа” қарсы ойында орнатқан рекордын бұзды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie