locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Эмилиано Мартинес ерсі қылықтары үшін Аргентинаның алдағы екі ойынынан шектетілді

ФОТО:  Getty images
Эмилиано Мартинес ерсі қылықтары үшін Аргентинаның алдағы екі ойынынан шектетілді

ФИФА-ның тәртіптік комиссиясы Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинеске Колумбиядан жеңілгеннен кейін оператормен болған жанжалы үшін шара қабылдады.

Қақпашы екі ойынға шектетілді, бұл оның Венесуэла мен Боливияға қарсы алдағы Әлем Чемпионатына іріктеу матчтарына қатыса алмайтынын білдіреді. 2026 жылғы Әлем Чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді және қазіргі таңда үлкен додаға іріктеу ойындары өтуде.

Еске сала кетейік, соңғы матчтардың бірінде Мартинес колумбиялық оператордың камерасына соққы беріп, Копа Америка жүлдесімен әдепсіз қылық көрсеткен болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie