locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елорда дербиі тең нәтижемен аяқталды: "Астананың" Конференциялар Лигасына дайындығы аяқталды

Фото: Vesti.kz

30 қыркүйекте Қазақстан Премьер-Лигасының 18-ші туры аясында "Астана" мен "Жеңіс" кездесті – 1:1. Бабаянның шәкірттері 4-ші орын иесі "Ақтөбеге" жақындай алмады, әзірге олардың еншісінде 31 ұпай бар. Ал "Жеңіс" Бірінші лигаға жақындай түсуде, Вавалистің командасы 14 ұпаймен 12-ші орында қалып отыр.

ҚПЛ. 18-тур

“Жеңіс” - “Астана” - 1:1 (0:0)

Голдар: Чинеду, 52 (0:1); Адилио, 60 (1:1)

"Астана" Конференциялар Лигасына дайындығын аяқтап, 3 қазанда астаналықтар "ТСЦ Бачка-Топола" командасымен өз алаңында кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:45-те басталады. "Жеңіс" келесі ойынын 5 қазанда қостанайлық "Тобылға" қарсы өткізеді, кездесу 18:00-де басталады.