locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Елімайтың» тастанды ойыншысы Энцо Мендес «Оқжетпеспен» келісімшартқа отырды

Футбол 05 сәу 2025 02:57
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Оқжетпес ФК

Көкшетаулық «Окжетпес» клубы 22 жастағы бразилиялық қорғаушы Энцо Мендеспен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Энцо — футзал тарихындағы ең танымал ойыншылардың бірі, төрт дүркін әлемнің үздік футзалшысы, екі мәрте әлем чемпионы болған Фалькаоның ұлы. Ол бұған дейін «Портимоненсе», «Лондрина» және «Лейшойнш» клубтарында ойнаған. Футболға «Деспортиво» клубының жүйесінде тәрбиеленген.

Биылғы жылдың басында Мендес семейлік «Елімайдың» оқу-жаттығу жиынына қатысып, команда құрамына қосылуға тырысқан еді. Алайда наурыз айының соңында клубтан кеткен. Ресми келісімшарт жасалмаған, ал бразилиялық БАҚ оның Қазақстанға тек формасын қалпына келтіру үшін келгенін жазды. Бұл жағдайға байланысты Фалькао «Елімайды» сынға алып, кәсібилік танытпағанын айтқан болатын.

«Окжетпес» келесі кездесуін 5 сәуір күні Қостанайдың «Тоболына» қарсы өткізеді. Үш турдан кейін Көкшетау ұжымы бес ұпай жинап, турнирлік кестеде алтыншы орында тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie