locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елімайдың голын санамаған төреші орталық матчқа төреші болады

Футбол 25 там 2024 09:23
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Елімайдың голын санамаған төреші орталық матчқа төреші болады

Қазақстан кубогы ширек финалында Елімай мен Ақтөбе арасындағы ойынға төрелік еткен Бағдат Абдуллаев таза голды есепке алмаған болатын. Осы жағдайға байланысты ол бір айға шеттетілді. Дисквалификация аяқталып, ол тағы да маңызды Ордабасы мен Ақтөбе матчына төреші болып сайланды.

18-турдың орталық матчы күткеніміздей қызыққа әрі гол толы болады деп үміттенеміз.

Матчты тікелей эфирде SPORT+ Qazaqstan арнасынан көруге болады.

Айта кетейік, Бағдат Абдуллаев Елімайдың Ақтөбе қақпасына соққан үшінші голын фолға байланысты есептемеген болатын.

Голдық толық нұсқасын сілтеме арқылы телеграм арнадан көруге болады https://t.me/goalkz_official