«Елімайдың» бұрынғы ойыншысы Смақовтың клубтан қалай кеткені жайлы шындықты ашты


«Елімайдың» бұрынғы жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалие Самат Смақовтың семейлік клубтан күтпеген жерден кетуіне байланысты өз көзқарасын білдіріп, клуб ішіндегі жағдайдың пердесін сыпырды.
Оның айтуынша, 2023-жылы бірінші лигада бірде-бір ойында жеңілмей, команданы Премьер-лигаға алып шыққан бапкердің қызметінен алынуы футболшылар үшін де тосын жайт болған.
«2023 жылы Смақовтың қол астында жаттығып жүрген кезімізде-ақ, «Карпович келеді екен» деген әңгімелер тарай бастады. Бұл бізге түсініксіз еді. Смақовтың өзінен сұрағанда: «Маған келесі маусымға команда жасақтау тапсырылды» деді. Бірақ маусым аяқталған бойда оны жұмыстан алып тастады. Бұл - әділетсіз шешім»,-деді Нұрғалиев «Добрая Ультра» YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Самат Смақов 2023 жылы «Елімайды» бірінші лига чемпионы атандырып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болған. Дегенмен, маусым біте сала, клуб басшылығы оны бапкерлік лицензиясының жоқтығын алға тартып, қызметінен босатқан.
Қазір Смақов Талдықорғанның «Жетісуын» жаттықтырып жүр. Команда алғашқы екі турда 2 ұпай еншілеп, турнир кестесінде 9-орында тұр. 30 наурызда «Жетысу» сырт алаңда «Астанаға» қонаққа барады. Ал «Елімай» 3 ұпаймен 7-сатыда келеді.

Футбол
Бүгін 11:30

Футбол
Бүгін 10:07