Елімай сапында өнер көрсететін бразилиялық легионер Қызылжарға қарсы матчқа қатыспайды
"Елімайдың" жартылай қорғаушысы Шина дисквалификациясына байланысты командаға 18-тур аясында өтетін "Қызылжарға" қарсы матчта көмектесе алмайды.
Премьер-Лиганың 17-турында “Елімай” "Тұранға" қарсы ойын өткізді және 6:0 есебімен жеңді. Рожерио Альвес Дос Сантос (Шина) ойын барысында сары қағаз алды. 28 жастағы бразилиялық үшін бұл маусымдағы төртінші ескерту болды. Сондықтан 18-турда "Қызылжарға" қарсы матчқа жартылай қорғаушы қатыспайды.
Шина “Елімай” сапына 2024 жылдың қаңтарында еркін агент ретінде қосылды. Ағымдағы маусымда жартылай қорғаушы 19 матч өткізіп, 6 гол соқты және 4 нәтижелі пастың авторы атанды. Transfermarkt 28 жастағы футболшының трансферлік құнын 500 мың еуроға бағалайды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20