Экс - президент түрмеге қамалды
Футбол
12 қара 2024 01:48
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Anadolu
Түрік футбол клубының "Анкарагюджю" экс-президенті Фарук Коджа түрмеге қамалды, деп хабарлайды NTV.
2023 жылдың 11 желтоқсанында Түркия чемпионатының "Анкарагюджю" мен "Ризеспор" (1:1) арасындағы матч аяқталғаннан кейін, Коджа төреші Умут Мелерге жұдырықпен соққы жасап, кейін оны жерге құлаған соң аяғымен теуіп, соққыға жыққан. Коджаға "қоқан-лоққы көрсету және денсаулыққа зиян келтіру" баптары бойынша айып тағылды.
60 жастағы Коджа 3 жыл 7 айға түрмеге қамалды.
Сонымен қатар, өмір бойына футбол саласынан шеттетілді.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52