Екібастұз ойыншылары үндеу жасады:"Біз өзгеге емес, тек өзімізге тиесіліні алғымыз келеді"
“Екібастұз” футболшылары 12 матч үшін жалақы мен сыйақылардың төленбеуіне байланысты мәлімдеме жасады.
“Біз, “Екібастұз” футбол клубының ойыншылары, қоғамнан және барлық бей-жай қарамайтын адамдардан біздің мәселемізге назар аударуды сұраймыз. Бүгінгі таңда команда алдында үлкен қарыздар жиналып қалды: ойыншылардың шағын тобы бірнеше айдан бері жалақыларын алмай келеді, ал команда бойынша 12 матчқа берілетін сыйақылар төленбей отыр. Бізге қарыздың қай уақытқа дейін өтелетіні нақты айтылмайды, ең бастысы, біз өз еңбегімізбен тапқан ақшаны ала алатынымызға ешқандай кепілдік жоқ.
Біз бұл мәселемізбен бірнеше рет клуб, қала және облыс басшылығына жүгіндік. Алайда біздің өтініштеріміз бірнеше рет бос уәделермен жауапталып, осы күнге дейін орындалмай келеді.
Бүгінгі ойын біздің команда неге қабілетті екенін көрсетті, және уақытылы төлемдер жасалған жағдайда бізге қойылған міндетті – Премьер-лигаға шығу және бәз бұны орындай алатынымызды дәлелдедік. Осыған байланысты біз қоғамның, БАҚ өкілдерінің және футболға бей-жай қарамайтын барлық адамдардың біздің мәселемізге назар аударуын қалаймыз. Өйткені кез келген салада еңбек ететін қызметкердің өз отбасы алдында өз міндеттері бар. Біз өзгеге емес, тек өзімізге тиесіліні алғымыз келеді”, – деп жазды капитан барлық ойыншылар атынан.
Қазіргі уақытта “Екібастұз” Бірінші лига турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. Соңғы матчта команда жезқазғандық “Ұлытау” командасынан 4:3 есебімен ерік-жігермен жеңіске жетті, олар дивизион лидері “Оқжетпестен” үш ұпайға ғана артта.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52