“Екібастұз” ойыншылары бірнеше ай жалақысыз отыр
Әлеуметтік желі де “Екібастұз” футбол клубының ойыншысы Аслан Сүлейменов команда бірнеше ай жалақысыз отыр деген жазба қалдырған.
-Бүгінгі таңда команда алдында үлкен қарыздар жиналған: бірнеше ойыншы бірнеше айдан бері жалақы алмай жүр, сондай-ақ бүкіл командаға 12 матчтың премиялары да төленбеген. Бізге қарызды өтеп беру үшін нақты мерзімдер айтылмайды, бірақ ең бастысы – біз тапқан ақшамызды алуымызға ешқандай кепілдік жоқ.
Ойыншының сөзінше жергілікті биліктің қарыздарды жабамыз деген уәделерінен команда әбден шаршаған.
-Біз клубтың, қала мен облыстың басшылығына бірнеше рет өз мәселемізбен жүгіндік. Алайда біздің өтініштеріміз бірнеше рет бос уәделермен жауап қайтарылды, олар бүгінге дейін орындалған жоқ.
Кешегі өткен ойында “Екібастұз” командасы өз алаңында “Ұлытаудан” басым түсті.
-Бүгінгі ойын біздің команданың қауқарын көрсетті, және егер уақтылы төлемдер жасалса, бізге қойылған міндет - Премьер-лигаға шығуды - орындауға толықтай қабілетті болар едік. Осыған байланысты, біз қоғамды, БАҚ пен футболға бейжай қарамайтын барлық адамдарды біздің мәселемізге назар аударуға шақырамыз.
Қазіргі уақытта команда турнирлік кестеде 6-шы орында.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52