locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ең жас ойыншы: Ламин Ямаль тағы бір рекорд орнатты

ФОТО:  БАРСЕЛОНА ФК

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-ші турындағы “Монакоға” (2:1) қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шыққан “Барселонаның” қаптал шабуылшысы Ламин Ямаль 17 жасқа дейінгі футболшылар арасында осы турнирде ең көп ойын өткізген футболшы атанды(11 ойын).

Испандық футболшы мадридтік “Реалдың” жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің, “Астон Вилланың” жартылай қорғаушысы Юри Тилеманстың және пен ПСЖ жартылай қорғаушысы Уоррен Заир-Эмеридің рекордтарын артта қалдырды. Бұл туралы Squawka хабарлады.

Сонымен қатар, Ямаль француз клубымен өткен кездесудің 28-минутында гол соғып, Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас екінші ойыншы атанды.