Джон Стоунс Манчестер Ситиде қалғысы келеді
30 жастағы Джон Стоунстың Манчестер Ситимен келісім - шарты 2026 жылдың жазында аяқталатын. Ол клубқа 2016 жылы шамамен 47 миллион фунт стерлингке ауысып, содан бері 250-ден астам матч өткізіп, 17 түрлі кубокты жеңіп алды.
Осы жазда Манчестерден - Кевин Де Брюйне мен Илкай Гюндоган кетуі мүмкін, олардың келісімшарттары аяқталуға жақын, ал команда бапкері - Пеп Гвардиола әлі де жаңа келісім - шарт орнатпады. Стоунс секілді Кайл Уокер, Эдерсон және Бернарду Силваның келісімшарттары 2026 жылы аяқталады.
Қазіргі уақытта Стоунс, “Этихадта” бақытты екенін айтып, келісім-шартты создыруға деген ынтасы бар екенін көрсетті. City Magazine журналына берген сұхбатында ол:
"Менің ойым бойынша, мен клубты ұнатамын және Ситиде ұзақ уақыт бойы ойнап келе жатырмын, және де бұл сапарым әлі де жалғасады деп үміттенемін. Менің бүкіл отбасым "Сити" жанкүйерлері болып келеді және де клуб олардың өмірінің үлкен бір бөлігі болып табылады, сондықтан мен осы фантастикалық футбол клубының бір бөлігі болғаныма қуаныштымын".
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52