Джоэль Нганду Астана-Атырау матчындағы жанжалға түсініктеме берді
"Атырау" футбол клубының жартылай қорғаушысы Жоэль Нганду елордалық клубқа қарсы өткен матчқа түсініктеме берді, өзінің Instagram парақшасында футболшы Астананың бас бапкері-Григорий Бабаян туралы сөз сөйледі, сондай-ақ карма әлі де жұмыс істейтінін айтты.
"Мұны тек ақымақ жасай алады, бұл күлкілі және ұят, 2024 жылы бұндай нәрселер әлі де болады деп ойламадым, "Астана" сияқты үлкен клубтың жаттықтырушысы өзін клоун сияқты ұстайды. Егер мен осылай жасасам, маған не болар еді? Сіз осындай әрекеттермен балаларға үлгі болатындығыңызды білуіңіз керек, бірақ алаңдамаңыз, карма бар және мен сізбен тағы бір рет кездескім келеді".
Естеріңізге сала кетейік, 30 қазанда Астана мен Атырау командалары арасында матч өтті, ойын 90+9 минутта жанжалды пенальтимен және төбелеспен аяқталды. Қорытынды есеп 3:2 болып, елордалық клубқа жеңіс әкелді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52