Джек Уилшир жаңа кезеңге қадам басуда: Норвичке бас бапкер болып тағайындалуға жақын
“Арсеналдың” бұрынғы жартылай қорғаушысы Джек Уилшир “Норвич” командасының бас бапкері қызметіне тағайындалуға жақын. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, тараптар арасындағы келіссөздер соңғы кезеңде. Лондондық клуб 32 жастағы маманды босатуға дайын, ол 2022 жылдың шілдесінен бері “Арсеналдың” жастар командасымен жұмыс істеп келеді.
Джек Уилшир “Арсеналдың” түлегі. Ол лондондық клуб сапында 197 матч өткізіп, екі Англия Кубогы мен бір Суперкубокты жеңіп алды. Жартылай қорғаушы сонымен қатар “Вест Хэм”, “Борнмут” және Данияның “Орхус” клубтарында ойнады және 2022 жылдың жазында мансабын аяқтады. Уилшир Англия құрамасы сапында 34 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас авторы атанды.
Қазіргі уақытта “Норвич” Чемпионшипте 9 турдан кейін 15 ұпаймен жетінші орында тұр және Англия Премьер-лигасына өту үшін плей-офф аймағынан бір ұпайға артта қалып отыр.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52