Джек Уилшир Норвичтің командасының бас бапкері атанды
Англияның “Норвич Сити” футбол клубы ресми сайтында Лондонның “Арсенал” командасының бұрынғы футболшысы Джек Уилширді команданың жаңа бас бапкері ретінде тағайындағанын хабарлады. 32 жастағы ағылшын соңғы екі жыл бойы “Арсеналдың” 18 жасқа дейінгі командасын жаттықтырған.
"Футболшы мансабын аяқтағаны туралы жариялағаннан кейін, ол бапкерлік қызметке тез ауысты және бір аптаға жетпей “Арсеналдың” 18 жасқа дейінгі командасын жаттықтырды. Бапкерлік қызметтегі дебюттік маусымында ол команданы 2022/2023 маусымының Англия жастар кубогының финалына шығарды”, - делінген клуб мәлімдемесінде.
Уилшир футболшы мансабын 2022 жылы аяқтады. Оның соңғы клубы Данияның “Орхус” командасы болды. Сондай-ақ жартылай қорғаушы “Арсенал”, “Болтон”, “Борнмут” және “Вест Хэм” командаларында ойнаған.
“Мен “Норвич Сити” командасына қосылғаныма қуаныштымын. Бас бапкер рөлінде қызмет атқару керемет мүмкіндік және мен үшін бірінші командада бапкерлік мансабымды жалғастыру үшін өте қолайлы уақыт”, - деді Уилшир.
“Норвич Сити” 2024/2025 маусымында Англия Чемпионшипінің турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. Команда 11 ойыннан кейін 17 ұпай жинады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52