locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джанни Инфантино клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының жаңа форматы жайлы өз пікірін білдірді

Джанни Инфантино клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының жаңа форматы жайлы өз пікірін білдірді

ФИФА президенті Джанни Инфантино 2025 жылғы Клубтық Әлем чемпионаты туралы пікір білдірді.

"Футбол — бұл жер бетіндегі ең танымал спорт түрі және 2025 жылы клубтық футболдың жаңа дәуірі басталады. АҚШ-та ФИФА-ның ең ауқымды және инклюзивті турнирі өтеді. 2025 жылғы Клубтық Әлем чемпионаты 12 керемет стадионда ұйымдастырылады, ал әлемнің ең мықты 32 клубы өздерінің үздік ойыншыларымен бірге футбол тарихының жаңа бетін ашады.

Бұл жаңа турнир әлемдік клубтық футболдағы ынтымақтастық пен инклюзивтіліктің айқын үлгісі болады. Африка, Азия, Орталық және Солтүстік Америка мен Океанияның үздік командаларына Еуропа мен Оңтүстік Американың мықты клубтарымен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Бұл Әлем чемпионаты клубтық футбол мен жаһандық деңгейде таланттарды дамытуға үлкен әсер етеді", – деп Инфантиноның сөзін ФИФА-ның ресми сайты келтіреді.

Айта кетейік, 2025 жылғы Клубтық әлем чемпионаты АҚШ-та 15 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.